4-тақырып Доғалы пештің электр жабдықтары
Доғалы электр пештер электр энергиясын көп пайдаланушы, сондықтан жоғалымдарды азайту үшін оны пештерге жоғары кернеуге береді; көптеген пештер үшін ол 6,10 немесе 35кв, ал кейбір жоғары қуатты пештер үшін 110 кв құрайды. Ал электродтарға берілетін жұмыстық кернеу 110-800 В болу керек, сондықтан әр пеште төмендеткіш дербес трансформаторы және кернеуді жұмыстыққа дейін төмендетуді, тоқты электродтарға жеткізуді және берілген электр қуатын реттеуді қамтамасыз ететін басқа да электр жабдықтар болады. Кіші және орташа қуатты трансформаторлы пештік қондырғының жеңілдетілген сорабы 4. 1-суретте көрсетілген; жоғары вольтты жүйеден электродтарға дейін келесі жабдықтар орналасқан.
ЖКК-жоғары кернеулі кабель; А-айырғыш; БА-бас ажыратқыш; КТ-кернеу трансфор-маторы; ТТ-тоқ трансформаторы;Др-дроссель (реактор); ША-шунттайтын ажыратқыш; ПТ-пештік трансформатор; КСАҚ-кернеу сатыларының ауыстырып қосқышы; ПΔ/Ү-"үшбұрыш-жұлдыз" ауыстырып қосқышы; 1-электрод; 2-доға; 3-металл ванна
4. 1-сурет - Доғалы пештің электр қорегінің сұлбасы
Үш полюсті шаппа қосқыш болып келетін айырғыш бас ажыратқыштан (жоғары вольтты) кернеуді алуды және жоғарғы кернеудің желісінде көрінер үзік жасауды атқарады (жөндеу жұмыстарында және т. б). Оны тек жүктеме алынғанда ғана (бас ажыратқыш ажыратылғанда) қосады және ажыратады.
Бас немесе жоғарғы вольтті ажыратқыш жүктеме астындағы жоғарғы вольтті тізбекті үзу үшін арналған. Оның құрылғысы ажыратқышар оларды айырған моментте ажыратқыштың түйістерінің арасында пайда болатын электрлік доғаларды сөндіруді қамтамасыз етеді. Доғаны сөндірудің тәсіліне қарай майлы, ауалы, электр магнитті және вакумды деп ажыратады. Майлы ажыратқышта ажырау доғасын ажыратқыштың баг
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>