дейінгі жолда күші үлкен тоқ (50-100кА) жүретін болғандықтан, ал тізбектегі жоғалымдар тоқтың квадрат мөлшеріне пропорционалды болғандықтан келте тораптың ұзындығын минимал жасауға ұмтылады, ал пештік трансформаторды мүмкіншілігінше пешке жақын орнатады. Солқылдақ учаскенің ұзындығы пештің еңкею мүмкіндігі мен көтерілуін және электродтардың түсуін қамтамасыз етуі керек; үлкен пештерде солқылдақ кабельдерді сумен салқындатылатын етіп жасайды.
Қуатты автоматты реттеуіш немесе электродтардың орынын реттеуіш трансформатордағы кернеудің әр сатысындағы доғаның қуатын және белгіленген ұзындығын ұстап тұруды атқарады. Берілген кернеудің мөлшері өзгермей тұрғанда доғаның қуатын доғалық аралықтың ұзындығын реттей отырып өзгертуге болады(доғаның ұзындығын). Доғалық кеңістіктің ұзындығы өскенде оның электр кедергісі артады, осының себебінде доғаның тоғының күші, демек, оның қуаты төмендейді.
Әр фазаға орнатылаты автоматты реттеуіш кіретін ретінде тоқтың күшіне және келте тораптың кернеуіне пропорционал сигналдарды пайдаланып кернеу мен фазаның тоғының күшінің арасындағы берілген қатынасты өзгертпей ұстап тұрады, ол трансформатордың кернеуі тұрақты тұрғанда тоқтың күшінің тұрақтылығын, доғаның ұзындығын және сонымен оның қуатын қамтамасыз етеді. Егерде доғаның тоғының күші мен ұзындығы бір себеппен өзгерсе, реттеуіш жетекке әсер етеді, ол электродты ток пен кернеудің арасындағы белгіленген қатынас қайта орнағанша, яғни доғаның берілген қуаты орнағанша электродты жылжып отырады.
Бақылауыш және қорғауыш аппаратура. Бас тораптың жоғары кернеу жағында бақылау-өлшеуіш және сигналдық аппаратулармен, апаттық қысқа тұйықталу кезінде қондырғыны ажырататын, максимал тоқтың релесін қосуды атқаратын тоқ пен кернеудің трансформаторы орнатылған (4. 1-суретті қара). Пештік трансф
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>