орматордан кейін шиналардың үстіне орналасқан тоқтың трансформаторынан және келте торап беретін кернеумен аппараттардың тағы бір тобы қорланады: бақылау-өлшеуіш аспаптар, қуаттың автоматты реттеуіші (жоғарыдан қара) және трансформатордағы асқын жүктемеден қорғайтын максимал тоқтың релесі (тоқ 10с аралығында бір жарым есе өскенде қондырғыны ажырататын).
Сұйық металды электр-магниттік аралстыруға арналған қондырғы. Дәстүрлі тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш кезеңді технологиямен істейтін, сыйымдылығы 25т артық пештердің көпшілігі осындай қондырғылармен жабдықталған. Қондырғыны әдетте тотықсыздандыру кезеңінде және шлакты қотарып аларда қосады. Араластыру металдың құрамы мен температурасының теңесуін, оттексізденуін, күкіртсізденуін және металл емес қосындыларды айыруды шапшаңдатады, шлактың қотарылуын жеңілдетеді.
Магнитті емес металдан жасалынған пештің түбінің астына түптің формасына қарай иілген, екі орамасы бар, соғылған өзекше (статор) орнатады (4. 2-суретті қара). Статордың орамасы фазасы 900 - қа ығысқан екі фазалы төмен жиіліктегі тоқпен қорланады (0,5-2Гц), ол металда жүгіртпелі магнит өрісін тудырады. Жылжыған магниттік ағынның металл ішінде жүргізген құйын тоқтарының әрекеттесуі, металдың астыңғы қабаттарының белгілі бір бағытта жылжуын тудырады, металдың үстіңгі қабаттары бұл кезе қарама қарсы бағытта жылжиды. Металдың қозғалысының бағытын өзгертуді ораманың бір полюсін ауыстырып қосумен жасайды. Электр - магниттік араластыруға жұмсалынатын электр қуатының шығыны 5-20кВАсағ/т құрайды.
1-статор: 2 орама
4. 2 - сурет - Шлакты қотарып алу(а) және ваннаны араластыру тәртібіндегі доғалы пеште металды электромагниттік араластыру сұлбасы
Страницы: << < 4 | 5 | 6