Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.
Ойынның мазмұны: ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Сұйық заттар белгілі көлемдегі ыдыспен, сусымалы заттар таразыға салынып өлшейді.

" Өз жұбыңды тап " ойыны.
Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.
Ойынның мазмұны. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама - қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында - суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бірі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгірі келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады. Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.

" Қапшықтан неше ойыншық алдың?" ойыны.
Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипалап білуді үйрету.
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, стөл бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде тәрбиешіге айтады.
Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.
"Ойлан тап" ойыны.

Мақсаты: Балалардың тыныс белгілері жайында түсініктерін кеңейту.

Ойын шарты: тәрбиеші бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлемнің айтылу мәнеріне қарай ерекше назар аударып отырады. Екі командаға бөлініп, тақтаның ортасынан сызып, екі бағанаға бөлінеміз. Әр команданың жауабын тыныс белгілерімен белгілеп тұрамын. Ойын соң

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: