ған халық педагогикасында жатыр.
Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау,ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады.
Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру,математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
"Қол соғу" ойыны
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.
Керекті материалдар: Тәрбиеші мен әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек (3 сурет ) болуы тиіс.
Ойынның мазмұны.
1 вариант. Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі тәрбиешінің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс.
2 вариант. Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші ойын ережесінің дұрыс орындалуын қадағалайды.
"Кім алғыр" ойыны.
Мақсаты: таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: ( - ) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.
Ойынның барысы: Балалардың қолында сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргенде кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерлі құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындайды.
"Сен де сонша көрсет" ойыны.
Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіге
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>