Әдептілік пен әсемдіктің қыр-сыры

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп тінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген. Надандық ұят, – деген ғұлама, – жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу. Бұл тек есті адамға тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан ұялу.
Данышпан Абайдың уәжіне тереңірек ой жүгіртсек, шын ұят дегеніміз, саналы адамның өз мінез-құлқына, іс-әрекетіне сыни қараудан туындайтын намысты сезім тебіренісі және соның әсерінен булыққан жан-дүние толғанысы. Анайылыққа қарсы серпін. Аламандықтан, көлгірсуден, дүниеқоңыздықтан безіну. Өз қылығының жосықсыздығынан, ерсілігінен жиіркену. Әбестілігін жазғырар халықтың налалы назарынан қаймығу. Ел, жұрт алдында азаматтық жауапкершілігін сезініп, жұғымсыз әрекеттерінен торығу, өзін-өзі айыптау. Надандық ұят – жаны жалған жанның ұялғансып, қысылып, қымтырылған түр танытып сызылып, тәлімсіп қылымсуы. Беті бүлк етпей көз ойнату, сырт айнала беріп мысқылды кейіпте мырс-мырс күлу. Бұл жалған, надандық ұяттың жымысқыланып, ашықтан ашық ұятсыздануы.
Ұят адамның рухани өміріндегі реттеуші күш. Ағаттықтан қорған, ізеттікке пана. Оғаштыққа жол бермес тежеу. Опықты іс-әрекетке бөгеу. Ақтық пен сақтықтың жоқшысы. Имандылықтың қабы.
Ұялу мен ұялту қосақты ұғым. Бірі ішкі әсердің қысымы, екіншісі сыртқы әсердің дүмпуі. Ұялу аңғарымсыздықтан, аңғалдықтан, қызбалықтан қозған ерсі әрекет салдары. Опық мінезі, анайы сөзі, арға тиер орынсыз әзіл-қалжыңы, уәдеден тайқуы үшін өзінен-өзі ұялу. Бұл ретте арлы кісі ұятына кешірім с

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: