Әдептілік пен әсемдіктің қыр-сыры

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ұрап, қайталанбауына бекінеді.
Ұялту – ұлт қағидасын бұзған, әдептен аттаған, қоғамдық ортада тұрпайы мінез-құлық танытқан, кісі намысын қорлаған, жала жапқан, жалған сөйлеп өсек таратқан, сыпайылық шеңбердің шегінен шыққан, соның бәрін жөн көріп, қатесін мойындамаған адамды жанашыр жолдастарының, ағайын-туыстарының сыпайы сөздермен сипай қамшылап, қылған қылығының өрескелдігін, жағымсыздығын түсіндіріп, бір жағынан арын, намысын қыздырып, екінші жағынан мұқатпай, айыбын бетіне басып, тәубаға келтіріп ұялту. Кеңеске ұйып, ақылға көнген адам өкінеді, қапаланады, ұятсыздығын кешірудің амалын, ұятқа тасаланудың жолын іздейді.
Ұятсыздық адамға опа бермес жамандық. Тек ұятты кісі сиятты.
Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжеттілік. Адам құқы мен еркіндігінің оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге қытым. Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мәнділігінің өзегі. Өктемдіктен араша. Жосықсыздыққа айбар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, әрі айыптаушысы, әрі қорғаушысы. Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер алдаспан. Бір жағынан күйкі тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке, ынжықтыққа қынжылу. Жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыздыққа ызалану. Астамшылыққа, қол сұғанақтығына, әулекілікке ашыну. Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін түсірер, абыройын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттерге, қарау қылықтарға кешірімсіздік.
Мұхаммед пайғамбар: Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі – иманы, екіншісі – Отаны, үшіншісі – отбасы деп ар-ожданның руханияттылығын жоғары бағалаған. Осы ұғымды таратып пайымдасақ, Малым жанымның, жаным арымның садақасы дейтін қазақтың Жасаған Ие құдіретіне сенімді, ата мекен, өмір жанн

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: