Әдептілік пен әсемдіктің қыр-сыры

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

жағымсыз сөздермен ғана емес, адам бет-әлпетінің қилы құбылысы, дене мүшелерінің сыпайы не ебедейсіз ерсі қимыл-қозғалысы, сондай-ақ ашық, жайдары немесе түнерген, сазарған үнсіздік арқылы да түсініледі. Бұл да бір сырбаз ерекшелік.
Ақылға негізделген мінез оралымды, икемді, иі жұмсақ, іс-әрекеттің игілігіне себепші. Жақсылыққа бастамашы, әттеген-айға жол кесуші. Тіршіліктегі ұсақ-түйек кемшіліктерді байқатпайды, аңғарылса жуып-шаяды. Өзара қарым-қатынаста, аралас-құраласта әлде қалай тоңазыған көңілдің қырауын жібітеді. Өшіккен дау-дамайды басады. Төнген қатердің бетін қайырады, арандатпайды, асқындырмайды.
Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру ләзім.
Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық адамның екінші табиғаты – әдетке айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.
Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі.
Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесі мен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез әдептен, әдептіліктен өрбиді.
Әдептілік – ана сүтімен с

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: