анаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі кіргеннен, жастайынан даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зәрусіз, жамандықтан ада табиғи қасиет. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы төрі. Ең алдымен туған халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет. Кісіліктің көркі, этикалық нұсқасы, әсемдік өрнегі, адамның асқақ абыройы.
Педагогикалық ғылымда мәдениетке негізделген гуманистік әдептілік, қоғамдық мәнді демократиялық әдептілік және рухани бағыттағы діни әдептілік атаулы үш тармақты қисын бар. Бәрі өркениеттілікке, ағартушылыққа, руханияттыққа жол ашады. Дәйектемесі ғылымға негізделген көп тінді және әлемдік ауқымды болса да, біздің ұлттық мәдени, ахлақ әдептілігімізге сабақтас дерлік. Ол туралы әңгіме бөлек.
Әдептіліктің бір үлгісі биязы сыпайылық. Өмір қалпының тәлімді қарапайымдылығы. Сары майдан қыл суырған тазалық, пәктік. Сыры кетсе де, сыны кетпес сұлу сәнділік. Жан жаралар, бет жыртар бөгде сөзсіз біз, сіз. Шашау шығармас сыр түйінділігі, ілтипаттық, тәртіптілік, құрметтілік. Көптің ортасынан орын тисе, төрге өңмендеп өрмелемес инабаттық. Үлкенге ізет, кішіні өмір шыңына шығарар ұлағаттық. Қатар-құрбыны оқшауламас, алаламас кеңпейілдік. Ұлықтықты армандамас сырлы кішілік. Барға қанағат, жоққа апшымас жайсаңдық. Жұпынылықты кемшін көрмеу, көңіл көзін суалтпау. Айтыс-тартыстан аулақ, астамшылыққа аяқ баспас адалдық.
Сыпайылықтың қазақы бір танымы, негізінен қыз-келіншектерге тән иба, ибалық. Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық, жалған ұялшақтық емес, өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік. Ерен ұстамдылық, иманжүзділік, жылы лебіздік. Ишаратты түсіністік, келеңсіздікті жатырқау. Ұлттық таза ғұрыптылықтың, әдептіліктің және көркем мінезділіктің ерекше үйлесімділігі.
Ұят, ұяттық – арлы мінез.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>