Әдептілік пен әсемдіктің қыр-сыры

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

аты туған елін, жарық дүниеге әкеліп өсірген, қанаттандырған ұясын ту көтерер намысты халықтың атаулы ұранына меңзегендей. Абыз бабалардың: Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы деген өсиеті біздің заман адамдарына арналғандай. Тек маңызын түсіну абзал.
Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі адамдық қасиет пен мүдденің жыртысын жыртады, абырой мен беделді қорғайды. Бәрінің себебі мен нақтылы салдары, заңдамалығы мен рухтылығы бар.
Намысты қорғау азаматтық парыз. Оны кіршіксіздендірмеу үшін арлана білу, арсыздықтан түңіліп жиіркене білу шарт.
Маңғаздық біреулердің түсінігіндегідей паңдық, тәкаппарлық емес, адам жаратымына сирек даритын, терең ойлы кісіге тән байсалды, баянды мінез. Адами ірілік. Жасандылығы, жалғандығы жоқ тұрлаулы табиғи бітім. Елпең-селпеңдікке басу, батпан салмақтық. Мызғымас орындылық, тайсалмас табандылық. Асығыстыққа тоқтам. Аз сөйлеп, көп тыңдау. Байқамдылық, ұғымдылық. Ойлы көзқарас, жан-жақты танымдылық. Қалауына сәйкес адамның өзін-өзі тәрбиелеу жемісі. Зиялы қауымның таңдаулы тәлімділігі. Өмірдің сыры мен қырларын түбегейлі зерделеп, өнегесін болмысқа шақтап, әрлеп сіңірген әсемдігін, әсерлігін қадірлер салиқалық. Көрегенділік, ұстамдылық, абзалдық сымбаты. Талай-тағдырға тәуелсіз ғұмыр кешуге талпыныс. Қоғамдық ортада дербестікті, даралықты қалау. Тылсым күшіне, өмірдің жұмбақты сырына, құпиясына құмарлық, шиесін шешуге талаптылық.
Маңғаздық белгілі бір тұйықтық, түйсікті, түйінді тұйықтық. Сыр сандық құлпының беріктігі. Ой жинақтылығы. Жолдас-жора таңдауда талғампаздық. Қан жақындығынан жан жақындығының, сөзсайыста

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: