Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

расындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді.
Айналымдағы ақша саны PQ/V
P- тауар бағасы;
Q- тауар мөлшері;
V- ақша айналымының жылдамдығы;
Ақша массасы - жеке тұлғаларға, ұйымдарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтық көлемі.
Сонымен қатар ақша массасы есеп шоттағы жинақ салымдары, несие, қаржы ұйымындағы ақшалар, депозиттік сертификаттар қарастырылады. Мұндай айналымдағы ақшалар "Квази ақша" деп атайды. Профессор Пол Самуэльсон квази ақшаларды өтімді ақшалар деп атаған. Өтімді активтер дегеніміз - оңай сатылатын және құнын жоғалтпай ақша түріне айналу мүмкіндігі бар активтерді айтады.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналымының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша жиынының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін қаржылық статистикада ақша массасының көрсеткіштері ретінде ақша агрегаттары қолданылады:
М0 агрегаты айналымындағы қолма-қол ақшалардан тұрады: банкноталар, металл монеталар, қазынашылық билеттер.
М1 агрегаты, яғни ол айналымдағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдағы шоттардағы қаражаттарды қамтиды.
М2 агрегаты М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан, сонымен қатар қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан тұрады.
М3 агрегаты М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды.
М4 агрегаты М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
Ақша массасына екі фактор әсер етеді: ақша саны және олардың айналымының жылдамдығы. Ақша массасының көлемі банктік жаңа ақшалармен ұлғаю арқылы қарастырылады.

0. 3. Ақша жүйесі және оның типтері


Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: