кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны - бір жапырақ жай қағаздарға айналады.
Несие ақшалар - бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және "төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады".
Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
0. 2. Ақша айналымы. Ақша айналымының заңы. Ақша массасы.
Тауар айналысы үрдісіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы ақша айналысы деп аталады.
Қолма-қол ақша айналымы - айналым саласындағы қолма-қол ақша қозғалысы және онымен екі қызметтің атқарылуы: төлем құралы және айналым құралы.
Қолма-қол ақшасыз айналым - қолма-қол ақшаның қатысуынсыз құнның қозғалысы: несие мекемелері шоттары бойынша ақша қаражаттарын аудару, өзара талаптар есебі.
Ақшасыз есеп айырысудың нысандары:
1. Төлем тапсырмалары.
2. Чек.
3. Аккредитивтер.
4. Төлем талап-тапсырмасы.
5. Төлем талабы.
Айналым құралы ретіндегі ақша қызметін орындау үшін қажетті ақша саны үш факторға тәуелді:
- нарықтағы сатылған тауарлар мен қызметтер саны (тура байланыс);
- тауарлар бағасы деңгейі мен тарифі (тура байланыс);
- ақша айналымы жылдамдығы (кері байланыс);
Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы а
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>