Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі
болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарлық ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері камтылады.
ҚР- ның ақша жүйесі келесі элеметтерден тұрады:
::Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан кұралған 1 теңге болып табылды.
::Ақша белгілерінің түрлері. Қазіргі ҚР ақша белгілері болып олардың өз құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және оның барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
::Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
::Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.
::Валюталық бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
::металдық айналым - мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
::несие және қағаз ақша айналысы - мұнда алтын айырбасталмайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі - б
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>