Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

4. қағаз немесе несие ақшалар
Ақша бес қызмет атқарады:
1. Құн өлшемі құралы ретінде, яғни тауардың құнын анықтайды.
2. Айналым құралы ретінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады.
(Т-А-Т)
3. Төлем құралы ретінде, яғни бір нәрсенің өтемін төлеу.
4. Жинақ құралы ретінде байлықты жинау құралы болып табылады.
5. Әлемдік ақша, яғни басқа елдердің валютасына қатынасы.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: нағыз (толық) ақша және құндық белгілер ретіндегі ақша (толық бағалы емес ақша).
Нағыз ақшалар - бұл атаулы (номиналдық) құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаны білдіреді.
Құндық белгілер ретіндегі ақша (нағыз ақшаның орынбасары) - атаулы құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаны білдіреді (алтын монеталар, банкноттар, қазынашылық билеттері, несие ақшалары).
Монета - ол формасы, сыртқы пішіні, салмактық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі. Мемлекет сынаманы (монетадағы таза металдың кұрамы), массасын, типін, ремедиумды (заңмен рұксат етілген номиналды массаның нақтыдан ауытқуы), эмиссиялау ережесін және т. б. белгілейді. Монетада бет жағы - аверс, келесі жағы- реверс, кесіні - гурт болып ажыратылады. Егер монетаның номиналды құны кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды акшалар. Толық құнды еместері биллонды ақшалар деп аталады.
Қағаз ақша - мемлекеттің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі (құнның белгілері, алтынның өкілдері). Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып түрған

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: