Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

иметаллизм және монометаллизмге тән.
Биметаллизм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент рөлін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
1. параллельді валюта жүйесі - алтын және күміс монеталар расындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
2. қосарлы валюта жүйесі - бұл қатынасты мемлекет анықтады;
3. "ақсақ" валюта жүйесі - күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Монометаллизм - жалпыға эквивалент рөлін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
::Алтын монета стандарты - оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т. б. тән.
::Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда - 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
::Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.

СӨЖ тапсырмалары:

1 тапсырма. Студент

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: