олып табылады, яғни әдістемелік құралда жоғарыда аталған мәселелердің бәрі қарастырылған. Студенттердің абстрактылық және талдау ой-қабілеттерін дамытуға, сөйлеу қабілетін жетілдіруге, теорияны меңгеруге бағытталған, теориялық материал мен тәжірибелік тапсырмаларды жинақтаған әдістемелік құрал типтік бағдарламаға сай жасалған. Әдістемелік құрал құрамына студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ой-толғамын, логикасын тексеруге, бейімделу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін ребус, анаграмма, сөзжұмбақтар, тәжірибелік тапсырмалар ретінде студенттің өзіндік жұмыстары енгізілген. Әдістемелік құрал экономистерге кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді.
І ТАҚЫРЫП. АҚША МӘНІ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ,
АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША ЖҮЙЕСІ
0. 1. Ақша мәні, атқаратын қызметтері және түрлері, формалары
Ақша - бұл тарихи қалыптасқан тауардың құнын анықтайтын айырбас құралы. Ақша бірнеше мыңжылдықтар бұрын дүниеге келген. Ақша табиғатын зерттеу тауарлық қатынас өмірге келгеннен бастап жүзеге асты. Натуралды шаруашылықта өндіріс өнімін өндірушілердің өздері тұтынды. Тауарлы шаруашылықта еңбек бөлінісі пайда болып, айырбасқа деген қажеттілік туындады.
Тауар өндірушілер өз тауарын басқа тауарға айырбастау үшін оларға уақыт және сол тауарын іздеу керек болады. Әр елде айырбас құралы әртүрлі болған. Мысалы: Индияда піл сүйегі, Қытайда тұз, т. б. Ал кейін барлық тауар ішінен алтын мен күміс бөлініп шықты. Себебі олар мына қасиеттерге ие болған:
- металдардың ұзақ сақталуы;
- құнын жоғалтусыз бөлінуі;
- төзімділігі;
- қорытуға ыңғайлылығы;
- барлық елде бірдей бағалануы;
Ақша эволюциясы 4 кезеңнен тұрады:
1. тауар ақшалар
2. құйма ақшалар
3. монета ақшалар
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>