Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ажаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады.
Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді. Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекеттік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады.
"Ақша, қаржы және несие" теориялық курс б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: