3. Толық тексеріс - белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізу субъектілерінің бүкіл қызметін тексеру.
4. Іріктемелі тексеріс кезінде бақыланатын қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына (мысалы: іс-сапардың шығыны, әртүрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.
Ұйымдық белгілері бойынша: жоспарлы, жоспардан тыс, кешенді болып бөлінеді. Тақырыптық тексеріс бір үлгідегі бірнеше кәсіпорында, мекемелерде, бірнеше министрліктер мен ведомстваларда қаржы шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі.
Тексеріс тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілген объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа тексерулер. Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңнен тұрады: өкілдіктерді көрсету, тексерілген объектінің жауапты қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу, түгендеуді жүргізу, тексерілген объектімен, оның қызметкерлерінің технологиясымен жеке өзінің танысуы, шаруашылық қызметті алдын ала талдау, тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру, тексеріс немесе тексерістің материалдарын жүйеге келтіру, акт немесе анықтама жасау, ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру. Тексеру немесе тексеруді жүргізудің нәтижесі жасалған актінің сапасына байланысты. Тексеріс актісі-бұл қаржы-шаруашылық қызметтен жіберілген жай бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілген объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндеменің жинағы болып табылатын құжат.
СӨЖ тапсырмалары:
1 тапсырма. Студент берілген баяндама тақырыптары бойынша презентация қорғауы тиіс. Презентацияны дұрыс ашып түсіндірілуіне және қызығушылық туғызғанына, әдебиет әсiресе қосымша әдебиет қаншалықты қолданы
Страницы: << < 27 | 28 | 29 | 30 | 31 > >>