Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

ы сақтау.
Аудитор - бұл кәсіпорын мен ұйымның қаржы шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың нысаны болып табылады. Аудитордың міндеттері мыналар болып табылады: тексерілген ақпараттың жасалынған шаруашылық операцияларының заңға сәйкестігін анықтау.
ҚР 20. 11. 1998 жылы аудиторлық қызмет туралы заң қабылданды.

3. 2. Қаржылық бақылаудың ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері

Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы орган қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады:
1) тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру)
2) инспекция (кәсіпорынның қаржысының жәй күйін дүркіндік тексеру)
3) қадағалау ( кәсіорын қаржы-қаражатының жай күйімен жалпы танысу)
4) тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру)
5) қарап шығу (қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау)
6) баяндамаларды тыңдау
7) лауазымды адамдардың ақпараттары және тағы басқа.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспар бойынша жүргізеді. Жоспарлы тексерулер мен тексерістердің белгілі мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарда бақылау объектілері, тексеріс немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және тағы басқа белгіленеді. Тексерулердің тікелей объектісі табыс, ҚҚС, пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығыны, әртүрлі мақсаттар мен қорларға аударылған аударымдар сияқты қаржылық көрсеткіштер болып табылады.
Қаржылық бақылаудың сферасы - ақшаны пайдал

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: