бысты және ұлттық байлықты халықтың қажеттіліктеріне бөлуді қамтамасыз ету. ШЖС қаржысының сферасы шеңберінде материалдық еңбек және қаржы ресурстары белгілі бір буындарда шоғырланады және де халықтың, елдің қаржысын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын бөлу және пайдалану. ШЖС қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің әртүрлі сфераларын, мысалы: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда, биологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй коммуналдық қызметін, сонымен қатар көптеген қаржылық - кредиттік, сақтық, ғылыми, білім беру, медицина саласында және де ақпарат қызметін жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымның қаржыларын өзіне шоғырландырады.
ШЖС қаржысы жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау қызметін атқарады. Бөлу функциясы - бұл өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы фактор болып табылады, яғни кәсіпорынның өнім өткізуден түскен ақшалай табыстары мен өндіріске жұмсалатын ақша қаражаттарын өтеуге, сонымен бірге орталықтандырылған қорларды қайта бөлуге, мысалы: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, ал белгілі бір бөлігін еңбекақы төлеуге, өндірісті кеңейту мен дамытуға және де әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға кеткен шығынға бөлінеді. Ал бақылау функциясы - бұл кәсіпорын экономикада маңызды рөл атқарады, бақылаусыз, есепсіз шаруашылық жүргізуге болмайды, яғни бақылау қызметі шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражатының ұйымдық және қаржылық-кредиттік мекемелерінің өзара қарым-қатынастарда жүзеге асырылады. Субъектілер арасында өзара қатынастарды бақылау сатылған өнімге немесе тауарға орындалған жұмыстарға көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде жүзеге асырылады, ал қаржы-кредит органдары мен өзара іс-әрекет кезінде бақылау, бюджет алдындағы міндеттерді орындау кезінде және
Страницы: << < 29 | 30 | 31 | 32 | 33 > >>