Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

анумен, ал кей жағдайда онсыз да (баспа-бас айырбас мәмілелері,т. б. ) жасалынатын іс жүзіндегі барлық операциялар.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шалып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іске тыйым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық береді.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға:
1. Шоттық тексеру-бұл бухгалтерлік есептердің, баланстың, салық есеп-қисаптардың ақиқаттығын тексеру. Тақырыптық тексеру - бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық-қаржы жұмыстарының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы: жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру, шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру, т. б.
2. Экономикалық талдау - бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру; қызметте түрлі нәтижені анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайдың жақсылықтарының жолдары мен факторларын негіздеу.
3. Тексеріс ревизия.
Тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді. Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі - тексеріс өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржы шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият, терең, толық тексеру, оны әртүрлі органдар жүргізеді. Тексеріс органдарының жоспары бойынша, басқа құзырлы органдардың, жоғарғы тергеу органдарының нұсқауы бойынша жүргізілуі мүмкін. Тексеру объектісі бойынша тексеріс былай ажыратылады:
1. Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
2. Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды тексереді.

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: