БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Дюсенгалиева Арайлым Махмудовна
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, екінші санатты оқытушы, Жаратылыстану магистрі
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты - болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі -- әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жанжақты дамытумен бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет - баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Білім берудің сапасын жақсарту үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелер, білікті мамандар қажет. Білім - қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алғ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: