БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЙЕЛІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ге баулу.
Ал міндеттері:
1. Сапалы білім берудің әдіс-тәсілдерін жинақтау.
2. Оқып үйрену және қолдану.
3. Оқу-тәрбие үрдісін бақылау, сараптау.
4. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, іс-тәжірибесін жинақтап, тарату.
5. Жас мамандармен жұмыс.
Тәрбиелі, білімді және белсенді тұлға қалыптастыру - білім ордасындағы оқытушылардың кәсіби шеберлік деңгейімен анықталатыны сөзсіз. Колледждегі әдістемелік жұмысты мұғалімдердің негізгі қызметтерінен қол үзбей біліктіліктерін жетілдірудің үлгісі ретінде қарастыруға болады, өйткені әдістемелік жұмыс олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруға қолайлы жағдай туғызып, кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашады. Әдістемелік жұмыс - ғылыми жетістіктерге, озат педагогикалық тәжірибелерге, сонымен қатар мектептің оқу-тәрбие үрдісі бойынша қорытынды талдаулары мен сараптамаларына негізделген біртұтас жүйе. Ол - педагогикалық ғылыми-теорияның мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеруге бағынышты жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс. Соңғы уақытта, заман талаптарына орай әдістемелік жұмыс сипаттамасының барлық компонентеріне: атап айтқанда, мақсат, мазмұн, ұйымдастыру және дидактикалық формалар, әдіс-тәсілдеріне жаңашылдықтар енгізіліп жатыр 1.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
:: білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
:: ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиоб

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: