Cабақтың тақырыбы: Би өнері - әлемнің рухани елшісі
Негізгі мақсаты: Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің мектептегі би өнерінің ролі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту.
Әдісі: Баяндама
Бөлімдері:
1. "Хореография" туралы түсінік.
2. Би өнерінің мәні неде?
3. Би қалай туады?
4. Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі.
5. Би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолы.
6. "Тынымсыз - ізденіс, түбегейлі - нәтиже"
"Өнер - өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал" - деп Кеңес педагогы В. А. Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі - би өнері.
Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші өнер болғандықтан, би шығармашылығының тарихи қалыптасуын зерттеу өте күрделі. Өйткені ол өзінен кейін материалдық - заттай ескерткіш қалдырмайды. Биге қатысты сурет, жазба және ілеспелі музыка оның бір қырын ғана қамтып, біржақты түсінік берумен шектелсе, осы заманғы кино түсірілім ғана би өнері жайында толық түсінік бере алады. Ежелгі би шығармашылығы туралы тарихи деректер там-тұм болғандықтан, тым тапшы әрі оның өзі де болжамды.
Хореография (грек. choreia - би, grapho - жазамын)
1) Шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу
2) Би және би спектакльдерін қою деген мағыналарды білдіреді.
Алғаш рет "Хореография" терминін француз би үйретушісі Р. О. Фейе енгізді. Қазақстанда "Хореография" термині 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары қолданыла бастады.
Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешег
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>