і сау, күшті, епті, төзімді болуы тиіс. Ондай адам қандай жұмыстыда шаршамай шалдықпай істей алады. шаршасада оңай әл жинап, тез тыныға біледі. Ондай адамды өз денесін тәрбиелеген, шыныққан төзімді, қайратты адам дейміз. Бұған би пәні де негіз бола алады. Бұл пән оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыруға бастар бірден-бір жол. Биде тәрбиеленген балалардың жүріс-тұрысы, дауыс ырғағына дейін, ішкі-сезімінің дамуы ерекше келеді. Би - бұл өнер, әрі спорт, ал бимен әрдайым шұғылданатын болса, ол денсаулыққа, әрі өзін жақсы сезінуге пайдалы.
Бидің денсаулыққа пайдасы:
1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.
2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.
3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.
Би тек қана сырт келбетті емес, соныменқатар ішкі дүниенің, сана сезімін артады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды.
"Тынымсыз - ізденіс, түбегейлі - нәтиже"
Би адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Оқушлардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.
Енді өз тәжірибемнен жүргізілген жұмыстарыма тоқталсам: Ақсайқаласының 4 жалпы ортабілімберетін мектебінің "Назерке" үлгілі би тобының оқушылары сабақтарда меңгерген жұптық, жеке, топтық жұмыстарының нәтижесінде мектепішілік мерекелерге, концерттерге, салтанатты жиындарға және аудан, облыс, республика көлеміндегі байқауларға қатысып, өз шеберліктерін шыңдап, жүлделі орындардан көрінуде.
Страницы: << < 3 | 4 | 5