Би өнері – әлемнің рухани елшісі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

дағы көркемдік талаптардың тууы секілді биге деген психологиялық қажеттілікті анықтайтын шығармашылықтың қоғамдық бастамасы.
Күнделікті өмір-тұрмыстағы шабандозбен ат пластикасының әсемдігін айшықтайтын би қимыл-қозғалыстары мыңдаған жылдар өтсе де, көп өзгерістерге ұшырамай, қазақтар арасында тұрақты дәстүрге айналып, күні бүгінгн дейін сақталып жетті.
Мифтік тұлпардың бидегі бейнесі "Тұлпарша" тұлпар самғауы, "Құс қанат" қанатты секірістер, "Қамдама" қанатты бұрылыс сияқты халықтың дәстүрлі қимыл-қозғалыстарында сақталған. Ал қазақтың "Желдірме" ат желісі, "Шабыс" аттың еркін шабысы, "Тепең жорға" жорға жүріс, "Тебінгі" тебінгі және тағы басқа көптеген дәстүрлі би қимылдары ежелгі әскери бидің салттық жұрнағының бейнелі түрдегі жалғасы.
"Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Осының қалыптасуы қоғамның әр алуан талаптарына, ең алдымен жастарды ұжымдық қарым-қатынастарды талап ететін аңшылық, соғыс кездерінде физикалық, рухани тұрғыда шымырлыққа тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты болды". Тұтас алып қарағанда би шығармашылығын, оның ішінде қазақ биінің қалыптасуы барлық дүние бейнелі түрде қабылданып әрі оның бәрі бейнеге айналдырылған тарихи кезеңге жатады. Сезім де өзін қоршаған өмірлік ортаның суреті, адамның ішкі жан дүниесі ретінде бейнелі түрде түсіндірілді. Бұл қоғамның даму сатыларының ерте кезеңіндегі би шығармашылығына қуатты эмоциялық серпін берді.

"Мектептегі би өнері үйірмесінің оқыту әдісі"
Би өнерін дұрыс оқыту - бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыпта

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: