Өмір өзен - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 220
  • Скачиваний: 11

Сабақтың тақырыбы: Өмірдегі ең маңызды нәрсе не?                                                                                                          Мақсаты:  оқушылардың «өмір» сөзінің мағынасы және әр адамның өмірінде не нәрсе маңызы бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру. Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.

Міндеті:Оқушыны өзінің қабілетіне, бейіміне, қызығушылығына сай өзін тани білуге үйрету;
Күтілетін нәтиже: интеграциялық сабақ барысында берілген ақпараттарды игере отырып, өз - өзін тани алуы, өз мүмкіншіліктерін білуі. Оқушының ойлау аймағының шексіз екендігін көрсете отырып, өз - өзін түсінуге, бағалауға баулу. Байқампаздыққа жетелеу.Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, қанатты сөздер, бейнеролик, шарлар.

Сабақтың түрі: Интеграциялық сабақ. Тарих - Өзін-өзі тану

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: