і, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Сол өнерлердің ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені хореография ол - сөзсіз өнер. Оның негізі - би. Хореография - ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі - халық билерінде. Жалпы би - психиканың эмоциялық аясының жемісі.
Аристотель биді "Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді" деген екен.
Би өнерінің мәні неде?
Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ - ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда "Үлгілі" деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда "Билеймін" деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын - балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні - классикалық биде деп толығымен айта аламыз.
Би қалай туады?
Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық, ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Оның биологиялық немесе табиғи бастаулары ежелгі би шығармашылығының дамуына жағдай жасады. Бидің негізі - адам бойын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>