па? Өмір жолы Мағжанды әр кезде заманы бір, өзі тұстас қазақтың зиялыларымен кездестіріп отырған. Сәбеңнің айтуынша, алайда, олардың идеялық жолдары бөлек болған. Кеңестік дәуірді, оның табыстарын жырламаған, ескіні, байшылдықты, ұлтты көксеген Мағжанның жырлары коммунистік жолды таңдағандарға жат болған. Соның бір көрінісі – Мағжанның 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан өлеңдер жинағын мәскеулік қазақтардың талқылауы. 1924 жылдың 24 қарашасында әдебиет үйірмесі ұйымдастырған бұл жиынға КСРО халықтары орталық баспасының директоры Нәзір Төреқұлов, Орталық комсомол комитетінің бюро мүшесі, жастардың коммунистік интернационалы атқару комитетінің бөлім бастығы Ғани Мұратбаев та қатысады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жас ақын, сол кезде Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқып жүрген Өтебай Тұрманжанов баяндама жасайды. Баяндаманы талқылауға қатысушылардың пікірі екі бөлініп, жиналыс «Мағжан буржуазияшыл-ұлтшыл, бізге мүлде жат ақын» дегенге саятын қаулы қабылдайды. Кейін осы қаулы Қазақстанның орталық газеті «Еңбекші қазақта» жарияланады. Мұның Мағжанға қатты соққы болып тигені, ақынды үлкен күйзеліске ұшыратқаны сөзсіз. Оның «Тоқсанның тобы» деген толғауында:
Жырларым елді жалпылап,
Жасырман жүзді жақтадым,
Тоқсанға енді тоқтадым,
Толғанып, ойлап, талқылап…
Тоқсаннан сонау он аулақ,
Мен тоқсанмен біргемін, –
деуі содан.
Мағжанға қарсы шабуылдың үдеуіне сол кезде Мәскеуде оқып жатқан жастар ғана түрткі болды десек қателесер едік. Оған Сәбеңнің, кәдімгі Сәбит Мұқановтың да бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кеткені белгілі. Идеялық қарсыластарына ымырасыз Сәбең Мағжанды да аяған жоқ, өзгелермен бірге сынның дойыр қамшысын оған да сілтеді.
Мағжан кім қанша даттаса да былғанбайтын асыл емес пе, соны кейін Сәбең де түсінген
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>