і еді» – деп жазады Б. Кенжебаев.
Осы айтылғандар Мағжанның шын бейнесін ашатын сөздер. Олай болатын себебі, Бейсембай Кенжебаев Мағжан Жұмабаевты жақсы білген, 1922 жылы Мәскеуде Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқып жүргенде оның алдынан дәріс алған. Бұл кезде Мағжан Жұмабаевтың өзі де студент болатын, ол Мәскеудегі жоғары көркем әдебиет институтында оқитын. Бейсембай Кенжебаев: «Мейлі, лекциялық сабақта болсын, мейлі, практикалық сабақта болсын, ол қағазға, кітапқа қарамайтын. Сөз арасында келтіретін мысал өлеңдер мен әңгімелерді түгел жатқа айтатын. Декламация оқып тұрған тәрізді барлық нәшін, сипатын, қимылын келтіріп айтатын» деп Мағжанның білімінің тереңдігіне, алғырлығына тәнті болады.
Осы естелік Мағжанның Абайды пір тұтқанын, оған қатты еліктегенін тағы да дәлелдей түседі. Мағжан студенттерге Абай өлеңдерін оқып-үйретеді, олармен бірге Абайдың жаңа жыр жинағын талдайды. Бір кездескенде өзінің шәкіртіне аудармаға қатысты ойларын бүкпесіз білдіріп: «Басқа тілден шығарма аудару – ол шығарманы өзінікі етіп алу деген сөз, өзінікі болған соң, ол өгей бала емес, туған бала болуға тиіс. Яғни өгей бала екені мүлде білінбеске керек. Ол үшін шығарманың тұрқы, тұлғасы аударылмай, мағынасы, рухы аударылуы қажет», – дейді. Ол осылай Абайды жүрегімен ұғынған. Олардың жырларындағы үндестік те осыны дәлелдейді. Қазақ үшін Абай қалай қайғырса, Мағжан да солай қапаланады. Өзінің ұлттық таным-тағылымы жеткен биікке ол өз халқының да орнығуын тілейді, ботадай боздайды, аңсайды, армандайды, әйтеуір өзінің ұлтын сол асқаралы заңғардан көргісі келеді.
«Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді, қалтқысыз жан еді… Білімді, алғыр, ойшыл, орысшаға, шығыс тілдеріне ерекше жетік-ті». Сәбит Мұқановтың осы сөздерінде де көп сыр жатқан жоқ
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>