Бес арыс

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>

оның өзін де, сөзін де жоя алған жоқ. «Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар» деген ақынның өз сөзі ақиқатқа айналып, Мағжан халқымен қайта қауышты, мәңгілікке оралды. Міне, содан бері де жиырма жыл өтті.
Осы уақыт ішінде біз Мағжан туралы біраз жайларға қанықтық. Мағжанды жарыса жазу үрдісі жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарына дөп келді. Қазір біршама саябырлаған секілді. Бұдан, әрине, ұлттың ұлы ақынына деген сүйіспеншілігі ортайып қалды деген ұғым тумасқа тиіс. Мағжанның өзі де, жыры да мәңгілік, елімен, халқымен бірге жасай береді.
Мағжан туралы жазылған еңбектерді кезең-кезеңге бөліп қарастырар болсақ, Мағжанның көзі тірісінде, қуғын-сүргінге ұшырап, толық ақталғанға дейін жазылған дүниелердің бір төбе екенінде дау жоқ. Нақ сол кезде анық сөзін айтып кеткендердің қатарында Жүсіпбек Аймауытовты, Мұхтар Әуезовті, Ахмет Байтұрсыновты, Сұлтанбек Қожановты және басқаларын атауға болады. Бұлардың мағжантануға қосқан үлесі өлшеусіз. Осы орайда есімі елімізге белгілі ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың естелігі де аса құнды дүние десек қателесе қоймаспыз. Оның естелігі ұзақ та емес. «Бұл қарапайым естеліктің айырықша қадірлі болатын тағы бір себебі – оны авторы қайта құрудың шарапатынан әлдеқашан бұрын (70-ші жылы) жазған. Ешқандай есепсіз адал жанымен жазған» (Құлбек Ергөбеков). Айтса айтқандай, естелік иесі ерекше құрметке лайық, батылдығымен аты шыққан ғалым. Оның өзі де ұлтшылдық қамытын киіп, қуғын-сүргінді көп көрген.
Енді осы қоспасыз таза естелікке үңілер болсақ Мағжанның бейнесі жарқырап алдымыздан шығады. «Мағжан сұлу еді: орта бойлы, толық денелі, бұйра қара шашты, ақ құба бидай өңді еді. Бет пішіні Абайдың белгілі суретіндегі бет пішініне ұқсайтын. Жүріс-тұрысы жарасты, сәл маңғаз еді. Осының бәрінің үстіне ол қыз мінезд

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: