стан облыстық мемлекеттік мұрағатындағы Мағжан Жұмабаевқа қатысты құжаттардың арасында оның өзі тапсырған өмірбаян парақшалары да бар. Біріншісін Мағжан 1923 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеудегі жоғары көркем әдебиет институтына қабылданғанда толтырады. Туған жері, тұрағы, қайда, қандай білім алғаны, отбасы туралы қысқа да нұсқа деректер: жоғары оқу орнына түскенге дейін Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқыған, мектепте мұғалім, газетте редактор болған, үйленген.
Ал екінші парақша бертінге дейін Петропавл педагогика техникумының мұрағатында сақталып келді, тапсырылған уақыты 1927 жылғы 1 қыркүйек деп көрсетілген. Мұнда Мағжан 1925 жылы әдебиет институтын тәмамдағанын, он жыл еңбек өтілі бар екенін, қазақ тілінен сабақ беретінін жазады.
Мағжан бұл кезде:
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам! –
деп өзінің туған ұлтының аспандағы Айы, көгіндегі Күні, әмсе ақыл-ойының, парасатының өлшемі, асқар биігі, мақтанышы, тағзым етер тұлғасы болуға ұмтылысын танытып үлгерген дауылпаздың нақ өзі еді.
Мағжанның дарыны ерте ашылды. Бозбала шағында балғын үнімен, сырлы да сұлу жырымен баршаны баурап, Ғ. Ибрагимов сияқты үлкен тұлғаның назарына іліккен ақын орда бұзар отызында қиянға сермеген қанаты талмайтын қыран екенін шын танытты. Алда оны не күтіп тұр еді? Басқалар тонды кең пішкенмен Мағжанның өзінің оған терең бойлап, алаңдамағаны анық. Ол тек елім, халқым деп соққан жүрегінің дүрсіліне құлақ түрді. Содан да өз бойына ұлтының ащысы мен тұщысын, қуанышы мен қайғысын, қызығы мен азабын қат-қабат қондырып, тағдырлы, тауқыметі мол, тайғағы көп жолды таңдады.
Қанатын еркін сермей алмай қапыда кетті, жақұт жырлары қаратүнек қойнауында қалды, артық-кемі жоқ, жарты ғасыр бойы тұншығып жатты десек те, солақай, содыр саясат
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>