арға өзі тапсырады. Бұл да оның Мұхтарды бағалағандығының, оған деген ықыласы мен сенімінің ерекше болғандығының көрінісі деп түсінуіміз керек.
Осы екі ұлы қаламгердің шығармашылығындағы тағы бір тоғысуға назар аударайықшы. Мағжан «Ертегі», «Оқжетпестің қиясында» дастандарында Кенесары ханның тұлғасын сомдаса, даналығын, даралығын, алғырлығын, кемеңгерлігін жырласа, Мұхтар «Хан Кене» атты пьеса жазып, оның болмыс-бітімін, ел тарихындағы ролін аша түсті. Олардың пайымдауынша, хан Кененің тағдыры ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының қасіретімен тығыз сабақтас, үндес. Осылай қос арыс қазақты қалың өрттен қайтсем құтқарам деген тілек үшін жанын құрбан етуге даяр Кеңесарыны биікке көтеріп қана қоймайды, империялық санаға, бодандық санаға қарсы күресте бірлесіп шеп құрады.
«Мағжан-ақынның ақыны». Содан да оның жырларын талдауға шеберлігін сынауға екінің бірінің жүрегі дауаламаған, білімі, күші жете бермеген. Бұған қасы мен досы қатар жүрген кезде де ешкім уәж айта алмаған. Қазақтың белгілі ағартушысы Жүсіпбек Аймауытов 1923 жылы Ташкентте оқып жүрген қазақ студенттерінің алдында жасаған баяндамасында Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті екенін айта келіп, «Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз» – дейді, Мағжанды Пушкинге теңейді. Осы арада орыс халқының үлкен ақыны, ғалым В. Я. Брюсовқа телініп жүрген «Мағжан – қазақтың Пушкині» деген сөздердің нағыз авторы кім екенін айыруға болатын сияқты.
Солтүстік Қазақ
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>