Бес арыс

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>

зыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
Мағжанды сүйетін, еуропалығын, жарқыраған, әшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын-сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға, өсер елдің баласының сөзі ғана емес, азапты жолда жүрген ақынға ашықтан-ашық ара түсу, өз басын оққа байлағанмен бірдей нағыз ерлік еді! Мұхтар Әуезов оған саналы түрде барды. Өйткені олар ел тарихындағы ең бір жойқын да күрделі кезеңде тарихи-әлеуметтік құбылысқа сыншыл көзбен қарап, өзінше баға берген, ұлт бостандығы мен тәуелсіздгі жолындағы күресте білек біріктірген тағдырлас жандар-тын. Мұхтар Әуезов Мағжан қаламынан шыққан туындыларға әркез зер салып жүреді, «Алқа» бағдарламасымен де алғашқылардың бірі болып танысады. «Бағдарламаның кеңестік идеологияға қарай икемделіп жазылғанын Мұхтар аңғармады емес. Мұны солшыл бағытта жазылған деп түйіндеуінен байқаймыз. Негізінен ол бағдарламаны мақұлдап, нақты әрекетке көшу керектігін айтып, Мағжанға жауап хат жолдайды». (Ш. Елеукенов «Мағжан мен Мұхтар», «Жұлдыз», 1997 ж. 10, 112б. ).


ø
ú

!Мағжанның бұл еңбегінің М. Әуезовтің қолына тиюі де қызық. Мағжан қолмен көшіріліп көбейтілген санаулы ғана «Алқа» бағдарламасының бір данасын Мұхт

Страницы: <<  <  13 | 14 | 15 | 16 | 17  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: