Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

аттығудағы суретті әңгімелейсің", Өткен сабақта Арай хатшы болған,осы жолы Айгерім болады"-деп. Белгіленген уақыттан соң оқушылардың топтық жұмысты өздері ұйымдастыруды үйренгенін көрдім. Мұндағы мақсатым оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Алғашқы сабақтарда олар қиындылардағы түстер бойынша бір-бірін тапқанымен, әрі қарай не істеу керектігін білмей тоқталып қала берді. Даниял, Арайлым, Ақзия бірден "Бұл қиындыларды құрастыру керек шығар"-деген ұсыныс айтты. Тапсырманы орындауда әр топ мүшесі белсене араласып қиындылар арқылы суреттер құрастырды. Топқа бөлініп жұмыс жасаған балаларға ұнады. Топ құрамын жиі өзгертіп отырдым. Дәстүрлі сабаққа қарағанда,топтық жұмыс кезінде қызу пікірсайыстар болды. Ал өзім топтан топқа ауысып,оқушылар назарын тапсырмаға аударып,мәселелерді шешуге көмектесе отырып, оларға өзімді бәрін білетін адам емес,тек бақылаушы, көмекші,кеңесші ретінде көрсеттім ондағы көздегенім оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып бақылау еді. Ал осы ықпалдастық сыныптағы психологиялық ахуалға және оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізді. Ой қозғау мақсатында оқушылардан өткен сабақта нені білгендерін тапсырманы орындату арқылы анықтап, бүгінгі сабақта нені үйренетіні туралы айтып өттім. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнатып, сергіту сәтін ұйымдастырдым, олар сергіту сәтінің жаңа формасына таң қалысты. Әр топқа постерлер таратылып, өз араларында талқылауды тапсырдым. Оқушылар берілген тапсырманы асқан қызығушылықпен орындады, тіпті бір-бірінің пікірлерімен келіспеушіліктер де кездесті. Бұдан ұққаным топтағы жұмыста ұтымды диалогты құра білу сабақтың өнімді жүргізілуінің тірегі және оқытушы мен оқушы арасындағы сезімдерін жақсартатындығын түсіндім. Әр топ арасында ой алмастыруды ұйымдастырған кезде ғана кімнің пік

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: