Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

апсырмалардың қай түрін, неге бағыттап, қалай беруім керек? деген мәселелерді ескеріп отырдым. Әр тапсырманың оқушының сыни тұрғыдан ойлауы мен топпен жұмыс істеуде нәтижелі болуына баса назар аудардым. Жұмыстың негізгі мақсаты зерттеліп, талданып, жауабын табу үшін жеткілікті түрде материалдың болуы үлкен роль атқаратынына көзім жетті. Ал, жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оларға шешім қабылдай алатын мүмкіндік беріп отырдым. Соның нәтижесінде оқығандарын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсетіп, әрқайсысы сұрақ қойды және оған жауап таба білді,болжау жасауды үйренді, кез келген ситуациялық жағдайдан шығу үшін осы білімді қолданды. Мектептегі тәжірибе кезінде сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата-аналармен байланыс жасап
бұл жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді, құнды жақтарын айттым. " Бірлесіп пішкен тон келте болмас" дегендей жалпы мектеп ұжымы қолдау көрсетіп, сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы, түрде әр сабағымды жақсы, тиімді өткізуге тырыстым. Алғашқы сабақтарымды "Сәтті болсын күніміз" атты психологиялық дайындықтан бастадым. Бұл бөлімде олар бір-біріне жылы сөз, жақсы тілектерін арнады. Мысалы, бір оқушым "анамның жылы сөздерін естігенді қалаймын" десе, Мадина "күнің де түнің де сәтті болсын" дегенінің өзі жылулық сезімін орнатты. Әр түсті гүлдерді таңдау,гүлдер қиындысын құрастыру, сыныпты санау, конфеттер тарату арқылы топқа бөлдім және алдын ала өздері нақтылаған "бағалау критерийлері" бойынша өздерін-өздері бағалайтындарын ескерттім. Топ мүшелерінің әрқайсына өз рөлдеріне қандай жауапкершілікпен қарау керектігін түсіндірумен қатар, олардың қалауларын мадақтап отырдым. Мысалы:"Ақзия сен топ басшысы боласың, Шынар сен қателерді тексересің, Мирас сен ж

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: