БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ріне баулу шешуші міндет болып табылады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі кезеңде өзіне және отбасынан тыс табысты тілдік қатынасқа деген сенімділік негіздері орнығады. Баланың мектепте, құрдастарымен қарым-қатынаста одан әрі дамуы тілдік ерте даму дәрежесіне байланысты болады.
Баланың оқуға деген ынтасының ең маңызды бәсекелесі - теледидар. Қалыптасқан жағдайға қарай теледидар да, видео да баланың дамуына серпін беруі немесе тежеуі мүмкін.
Баланың теледидар көруіне ажыратылатын уақыт шектеулі болуы тиіс.
Балаға көру үшін рұқсат беретін хабарларды мұқият іріктеп алыңыз.
Бала өскенде, оған таңдау мүмкіндігін беріңіз: бір аптаға арналған бағдарламаны балаңызбен бірге қарап шығу кезінде, хабарларды да бірге таңдаңыз. Балаға өзі қалаған хабарды таңдауды ұсыныңыз. Үйде отбасылық хабарландыру тақтасын ұйымдастырыңыз; таңдалған хабарлар тізімін осытақтаға іліп қоюға болады.
Теледидар баланың бөлмесінде тұрмауы керек. Теледидар мен видеоны балаңызбен бірге көріңіз. Оны не қызықтыратынын білуге тырысыңыз. Көргеніңізді онымен бірге талқылаңыз. Сіз, мысалы, мынадай сұрақтар қоя аласыз:
-Қалай ойлайсың, не болды екен?
-Қазір оған не болар екен?
-Сеніңше, ол неге бұлай істеді?
-Қалай ойлайсың, ары қарай не болар екен?
Ойын іс әрекетінің басқа да түрлерін көтермелеп отырыңыз–үйде, сонымен қатар таза ауада. Дұрыс қолданған жағдайда, теледидар да, видео да оқыту мен көңіл көтерудің тиімді құралына айнала алады.
Әр баланың өзтемпераменті,өз қажеттіліктері,қызығушылықтары,ұнататын және ұнатпайтын нәрселері бар. Оның қайталанбас қасиеттерін құрметтеңіз.
Өзіңіз үшін және балаңыз үшін шынайы мақсаттар қойыңыз. Оған үйретіңіз және бағыттап отырыңыз–бірақ итермелемеңіз.
Балаңыз сүйіспеншіліктің жетіспеуін сезінбесін, алуан түрлі әсерл

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: