ез ауысуынан тікелей сипаттап келеді. Одан әрі балалар сөйлеуді қажет ететін түрлі іс әрекет түрлеріне көшеді (көркем, конструктивті, ойын).
Сөйлеу тілі – ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді.
Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Тіл дамыту бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда оның практикалық қолданылуы жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу психикалық үдерістерді қайта құрудың негізіне, ойлау құралына айналады. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қойма, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.
Отбасыдамитын болса ғана, ол тұлғаның даму көзіне айналады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың отбасында ата-аналарымен қатынас жасауы алуан түрлі іс-әрекетке байланысты: шаруашылық-тұрмыстық, еңбек және т. б. Ата-аналар сәбиімен үнемі қарым-қатынас жасайды, олардың ойынын ұйымдастырады, кітап оқу кезінде көркем шығарма авторларымен таныстарады. Соған орай отбасында тілдік ортаның дамытушы әлеуеті ата-аналар тілінің сапасына байланысты болады.
Үлкен отбасында аталар мен әжелердің болуы балалардың аға буын өкілдерімен күнделікті байланыс жасауы есебінен осы кемшіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Баланың жеке қабілеттерін, бейімділіктерін, сөйлеу қабілетін ашуға қамқорлық жасауотбасының маңызды мәселесі болуы тиіс.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>