БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ
Отбасы - бұл кішігірім уақыт аралығында және кішігірім өмірлік кеңістікте бір-бірін ауыстырып отыратын көптеген оқиғаларға бейімделген бірден-бір әлеуметтік топ.
Қазіргі ата-аналардың алдында үндескен тілдік қарым-қатынас компоненті ретінде байланыстыра сөйлеуді толық қалыптастыруға жағдай жасау міндеті тұр. Мұнда мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуға ата-аналардың қатысуы маңызды шарттардың бірі болып табылады. Маңызды шамада мұның өзі кезеңнің – мектепке дейінгі балалық шақтың сензитивтілігімен байланысты. Отбасында байланыстыра сөйлеуді дамыту отбасылық педагогиканың негізгі қағидасы болып табылады.
Зерттеушілердің анықтауынша, ересектердің басқаруынсыз байланыстыра сөйлеу өте баяу дамиды немесе мүлдем дамымайды. Әсіресе, бұл сөйлеу тілі бұзылған балаларға тән болып келеді.
Байланыстыра сөйлеу негіздері баланың ересек адамдармен тікелей эмоцоналды өзара әрекеттесуі негізінде орнығады. Эмоционалды-тұлғалық өзара әрекеттесу барысында сезім және эмоциялармен алмасуы орын алады.
Сөйлеу және есту органдарының дамуына, заттарды олардың сөзбен сипатталған белгілерімен салыстыру икемділіктерінің пайда болуына қарай, жақын айналасындағы заттарды түсінуі дамиды. Бұл баланың тілдік қарым-қатынасы дамуының бастапқы кезеңі болып табылады. Түсінуі, пассив сөздердің жиналуы негізінде белсенді тіл дамитын болады. Өмірінің екінші жылында сөздер грамматикалық тұрғыдан рәсімделеді және синтаксистік тұрғыдан жай сөйлемдерге біріктіріледі. Өмірінің үшінші жылында айналасындағы адамдардың сөзін түсіну қиындай түседі. Баланың сөздігі дамиды.
Диалогты тіл айналадағы адамдармен байланыс орнатудың маңызды құралы болып табылады. Баланың тілі жағдайлық сипатта, баланың түрлі әрекеттерге тез ауысуынан тікелей сипаттап келеді. Одан әрі балалар сөйлеуді қажет ететін түрлі іс әрекет түрлеріне көшеді (көркем, конструктивті, ойын).
Сөйлеу тілі – ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық, эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етпейді.
Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Тіл дамыту бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда оның практикалық қолданылуы жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу психикалық үдерістерді қайта құрудың негізіне, ойлау құралына айналады. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді пайдаланып қана қойма, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды, мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.
Отбасы дамитын болса ғана, ол тұлғаның даму көзіне айналады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың отбасында ата-аналарымен қатынас жасауы алуан түрлі іс-әрекетке байланысты: шаруашылық-тұрмыстық, еңбек және т.б. Ата-аналар сәбиімен үнемі қарым-қатынас жасайды, олардың ойынын ұйымдастырады, кітап оқу кезінде көркем шығарма авторларымен таныстарады. Соған орай отбасында тілдік ортаның дамытушы әлеуеті ата-аналар тілінің сапасына байланысты болады.
Үлкен отбасында аталар мен әжелердің болуы балалардың аға буын өкілдерімен күнделікті байланыс жасауы есебінен осы кемшіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Баланың жеке қабілеттерін, бейімділіктерін, сөйлеу қабілетін ашуға қамқорлық жасауотбасының маңызды мәселесі болуы тиіс. Әр балада табиғи сөйлеу қабілеті бар, оны байқау керек және балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда тірек ету қажет.
Сөйлеу қабілеті әрекеттен көрініс табатыны белгілі. Сондықтан баланың іс әрекеттің едәуір кең түрін иеленуге мүмкіндік беру керек (құрастыру, тігу, сурет салу). Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың мазмұндық өмірге мұқтаж болып келеді. Бос уақыт олар үшін қызықты істермен толығуы тиіс.
Отбасы баланың рухани өміріне қамқорлық жасауы, оның ой-өрісін кеңейтуі, толыққандылық, болмыс қуанышынын сезінуіне жағдай жасау керек. Ерте балалық шағынан бастап бала көрермен, тыңдарман, оқырман болу қуанышына ие болуы тиіс. Отбасында баланы оқуға баулу, кітапқа деген сүйімпеншіліккке тәрбиелеу қажет. Кинофильмдер, спектакльдер, телехабарлар көру сияқты біріккен жұмыстар соңынан оқығанын, көргенін талқылау арқылы толықтырылуы керек.
- Рубрика: Для классных часов
- Формат: zip
- Просмотров: 174
- Скачиваний: 3