тиіс;
- ата-аналардың өздері кітап, газет, журнал оқуы арқылы балаға үлгі көрсетуі тиіс;
- ата-аналар кітаптарды парақтап алуы, олардың бірнешеуін таңдап, үйге әкетуі үшін, оқтын-оқтын балаларын кітапханаға алып баруы тиіс.
Кітап оқуды білім еліне апаратын басты жол деп атауға болады. Кейіннен математиканы, биологияны, қоғамдық ғылымдарды оқу баланың жазылғанды түсуіне, тілді пайдалануына, жазба мәтіннің мағынасын ұғынуына негізделетін болады.
Егер бала сұхбат, тыңдау мен кітап оқу күнделікті өмір салтына арналған жағдайда өскен және дамыған болса, ол мектепте де мазмұнды және жан-жақты ақпаратқа қызығатын болады, бұл ақпаратты кітаптан алуға болады, сөйтіп ол бала білуге құмар және табиғи қалыптасқан оқырманға айналады.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің ата-аналармен бірге атқаратын жұмысында тәрбиеші өз міндеттері арқылыата-аналарға педагогикалық білім беру,олардың педагогикалық мәдениетін арттыруы, ең бастысы –ол ата-аналардың өз баласына деген қызығушылығын тудыруы, балаға дұрыс көзқарасын қалыптастыруға көмектесуі, сөйлеу икемділіктерін орнықтыруы тиіс.
Страницы: << < 4 | 5 | 6