ерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу методтары кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған метод пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінің әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі т. б.
Қандай да болмасын бір методты қолдана отырып, тәрбиеші көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әңгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол объектіні балаларға жақындатады, білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі әр түрлі методта қолданылуы мүмкін. Мысалы,салыстыру -- бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады; бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де қолданылады; көрсету, түсіндіру -- еңбек дағдыларына үйреткен кезде, тәжірибе жүргізген кезде тағы басқаларда. Методтар мен әдістердің алуан түрлілігі мен тиімділігі тәрбиешінің шеберлігін сипаттайды.
Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу бағдарламаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты анықталады.
Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен сәбилер топтарындағы балалардың сезімдік қабылдауының ерекше маңызы бар, сондықтан негізгі әдіс -- б а қ ы л а у. Дидактикалық ойын, картиналарды, ойыншықтарды көрсету балалардың табиғатты тануында үлкен роль атқарады.
Естиярлар тобындағы балаларды табиғатпен таныстырған кезде олардың ойлауының нақтылығын және тәжірибесінің аздығын ескере отырып, көрнекі материалды кеңінен пайдалану керек. Пайда болған түсініктерді нақтылай және нығайта түсу үшін табиғи заттармен (жапырақтармен, көкеністермен, жемістермен) дидактикалық ойындарды немесе олардың картинкал
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>