ардағы бейнелерін, аздап әңгімелесулерді кеңінен пайдаланады.
Естиярлар және мектепке даярлық топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияларда, серуендерде, ойнаған және еңбектенген кезде негізінен бақылау жолымен жүргізіледі. Бұл топтарда тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді, көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне,әңгімелерге көп орын беріледі.
4. Тәрбиешіге қойылатын талаптар: Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін, табиғат жөніндегі әр түрлі ғылымдар саласынан білімнің мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну табиғатта заттар мен болып жатқан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты материялистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру, календарь жасау, көбірек таралған өсімдіктер мен жануарларды анықтай, тануды үйрену, оларды қайдан кездестіруге болатынын білу.
Балаларды табиғатқа зейінді іспен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балалар бақшасындағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат мүйісін ұйымдастыра білуі өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса, соған ұқсас жағдайларды жасау талап етеді. Мұнан басқа оның балалар бақшасы учаскесі мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіреді, агротехникалық әдістерін және жануарларды бағып күтуді меңгеру керек.
Тәрбиешінің өз ісі балаларды еңбек дағдыларына тәрбиелеуде шешуші ықпал етеді. Балаларда табиғат туралы білім мен эстетикалық сезімнің қалыптасу процесінде тәрбиешінің өзінің де табиғаттың сұлулығын тануға және оған сүйсінуге деген ынтасы мен іскерлігінің зор мәні бар. Табиғатты сүйетін тәрбиеші қажетті білімдер мен шеберлік
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>