ғын, ыстықтығын, дымқылдығын) түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскенде, ойнаған кездерінде судың қасиетін (суықтығын, жылылығын, құйылуын, оған тастардың батып кететінін, ағаш сынығының қалқып жүретінін) біледі. Әр түрлі жануарларды бағып-күткен кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарын т. б. біліп алады.
Табиғатпен қарым-қатынаста бала оны түсінеді. Бірақ ол әрқашанда табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала бермейді. Балалар заттарды әрқашан ескере бермейді немесе оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады, түйсінгендерін дұрыс атамайды. Мысалы, 2 -- 4 жастағы бала аквариумде жүзіп жүрген балықты көріп, ол "аттап жүріп келе жатыр" немесе "қанаттарын қағады" дейді. Демек, баланы табиғатпен таныстыруда затты немесе құбылысты көрсету жеткіліксіз, танымдық процесті басқару қажет деген ұғым туады.
Тәрбиеші балалардың зейінін заттағы басты нәрсеге, олардың атын білдіретін сөздерге аударуы тиіс. Сезімдік түйсінуден, тек түйсінуге сәйкес сөзбен атауға болатын нәрсе ғана меңгеріледі. Сезімдік қабылдау -- табиғат жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте ұстау керек.
Балалардың түсініктерін қальіптастырудың және олардың сөз байлығын молайту бір уақытта жүзеге асырылады.
Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен құбылыстардың сапасына және қасиеттеріне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде жалпылауға келеді. Әрбір түсінікте жалпылаудың бір кезі болады.
Түсінік -- мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілердің сөзбен берілуін ажырата отыры
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>