r/> Мойыныңды тарайын.
Сен де менен именбе,
Жатырқама, жиренбе,
. . . Апашым да өзімді,
"Ботам" - дейді сүйгенде.
Т. Жексенбай. "Жылқы"
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайқаған,
Құраулап оны жылқышы
Қыл арқанмен байлаған.
Қуғандарға жеткізбей,
Қашқанға жетпей қоймаған!
"Ер қанаты - өзің" деп,
Ел қуанып айдаған
Т. Қайым. "Түйе, жылқы, сиыр, қой,төрт түлік осы, біліп қой!"
Ең зор түлік- түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң, сүтім шұбат,
Дертке дауа, жанға қуат.
Қу тышқанға алдандым,
Жыл басынан құр қалдым
Арғымақ, тұлпар жылқымын,
Мақтанымын жұртымның.
Ерге - қанат тұлпар мен,
Қай түлік келер маған тең?!
Сүтім- қымыз, етім- ем,
Білесің бе оны сен?
Мінезім жайлы - сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім - дәмді, сүтім - бал,
Сырымды менің ұғып ал:
Қажет болсасүт, қаймақ,
Балауса шөп бер, сиыр бақ
Қой-ешкі - бір түлікпіз,
Бірге өстік еш күдіксіз.
Теріміз - тон, былғары,
Жүніміз - киім, тұр әне,
Еті тәтті, сүті бал
Ой-ешкі - ең құнды мал.
Е. Елубай. "Шұбат"
Ішіп көрген шұбатты
Дәмін бірден ұнатты.
Денсаулыққа пайдалы
"зәм-зәм" суы сияқты
ІІ - бөлім. Үй құстары туралы
Қазақ балалар әдебиетінен:
А. Торғаев. "Ақ тауық"
Ақ тауық - ау, ақ тауық
Ақ тауық неден қақсауық?
Ертеменен қытқыттайды,
Ауламыздан шықпайды.
"шеп-шеп" десем келмейді,
Берген жемді жемейді.
С. Бегалин. "Қазым, қазым, қаңқылда!"
Қазым, қазым, қаңқылда,
Көлде жүзіп саңқылда.
Жем шашайын , жейсің бе?
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>