Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар /қой/
2. Төлі егіз, өзі семіз, айтшы, кәне, қай түлік дейміз?/қой/
3. Өзі күшті, мүйізі мықты, қызылды көрсе, құтыра шықты/сиыр/
4. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар/түйе/
Маң-маң басып келеді, тапырақтап желеді
Мойны-ұзын, үсті-тау,ертеден елге бел еді
Таптым,таптым,тап жорға, табаны жалпақ боз жорға/түйе/
5. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ /жылқы/
6. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,
болса - дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды/ешкі/
7. Екеуі елеңдеп келеді, төртеуі төбелесіп келеді/аттың 4 аяғы мен 2 құлағы/
8. Өзі жап-жас, мұрты бар, ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде түкті тонын шұп-шұбар. /мысық/
9. Бұл не қылған ер еді
Қандай мықты жүрегі
Түздің маңғаз түлегі
Бір ұрттам су татпастан
Мың шақырым жүреді/түйе/
10. Төсек астында төрт бауырсақ /сиырдың желіні/
Жаңылтпаштар:
1. Түйе маған шұбат берді, шұбат маған қуат берді.
2. Ай, ай, Айдарбай, иір мүйіз сиырыңды үйіңе айдай бар.
3. Ақ тайлағымды бұйдалайын десем, бұйдалай алмадым,
Шудалайын десем, Шудалай алмадым.
4. Беріп тай, лақты, алдым тайлақты.
Беріп тайлақты, алдым тай, лақты.
5. Дегенде , әй, тайқарбай, әй, Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай,
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай?
6. Қырда қырау, қызыл ала бұзау.
Тауда тарғақ, тарғыл ала торпақ.
Өлеңдер мен тақпақтар:
ә/ "Малдың баласын сүюі".

Қой сүйеді баласын "қоңырым",- деп,
"Ештеңені білмейтін момыным",- деп.
Сиыр сүйеді баласын "торпағым",- деп,
"Қараңғыда баспаған қорқағым" ,- деп.
Түйе сүйеді ба

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: