Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7

/ Авторы жоқ:
Бір дегенім - бесік, шықтым содан өсіп.
Екі дегенім - елім, далам, туым, көгім.
Үш дегенім - үміт, үміт артар жігіт.
Төрт дегенім - төзім, төзе білем өзім.
Алты деген - ақыл, тыңдағаның мақұл.
Жеті деген - жалау, жүректегі алау.
Сегіз деген - сөзің, серт беретін кезің.
Тоғыз деген - тоқтау, елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім - Отан, қорға соны, ботам!
Математикалық жұмбақтар.
1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін /қолғап/
2. Әншейінде жекесің, қарай қалсаң екеусің /айна/
3 Төрт бұрышты, бір ауызды /сандық/
4 Киелі бір жануар, үстінде екі тауы бар /түйе/
5 Екі айнасы бар, екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар, бір шыбыртқысы бар. /сиыр/
6 Екі ошаққа бір көсеу /сиырдың тілі/
7 Байлаулы екі аяғым,
Қолымда екі таяғым
Зырлаймын қардың үстімен,
Озамын атты кісіден /шаңғы/
8. Екі езуі құлағына жетеді, тамақ жесе ызың-ызың етеді/ара/
9. Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім/шалбар/
10. Біреуге найза түйрейді, өзі де содан күйрейді /ара/





Страницы: <<  <  5 | 6 | 7
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: