Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

r/> Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ,
Кәмпит тәтті, болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.

Ж. Қалжанова "Беделді әтеш"
Еріккен әтеш бір күні
Жас достарын шақырды.
Ку-ка-ре-ку! деп нықтап,
Айтты өзінше ақылды.
Әке-шешең сендерге
Тамақ іздеп кетеді
Менің күнім "Таң атты!",
"Түн баттымен!" өтеді.
Қызмет етіп теп-тегін,
Жүрмеймін босқа, жетеді!
Тым болмаса көңілімді
Көтерсеңдер не етеді?
Қыт-қыт-қыт-қыт,иә, - деп,
Сөзін жалғап ақырын,
Тауық шықты ортаға
Қаратпай жерге жақынын:
"Қошемет тойы басталсын!
Бота бәрін басқарсын!
Құлын күй тартсын,
Саздан сый тартсын!
Бұзау ән салсын,
Бұлбұл тамсансын.
Қодық қызмет етсін,
Азық-түлік түгел жетсін!
Қозы лақпен билесін,
Аяғы жерге тимесін.
Сайратып көңіл тотысын
Күшік өлең оқысын!
Мысық ойын ойнатсын
Көңілге күлкі бойлатсын.
Мен бұршақтан тағам жасап,
Отырайын жайлап асап".
Әтеш беделін байқап,
Қуана басын шайқап,
Қанаттарын қомдап,
Дауысын оңдап,
Ку-ка-ре-ку! - деп алғыс айтты.
Жас достары да көңілді қайтты.

Халық ауыз әдебиетінен:
"Не дәмді?" ертегісі.
Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты. Сонда тауық:
-Ең дәмді тамақ - тары, - депті қыт-қыттап.
-Тапқан екенсің, дәмді тамақты. Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!,-депті ит абалап.
-Бәрің де білмейсің. Күтірлеп жейтін сәбізден тәтті ештеңе жоқ,- дейді қоян. . . Сөйтіп, әрқайсысы өзі сүйетін асын мақтапты, келісе алмай тарапты. Ал, кәне, балалар, ненің дәмді екенін сендер айтыңдаршы?
Жұмбақтар:
1. Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: