Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ласын "боташым" ,- деп,
"Жаудыраған көзіңнен, тоташым",- деп.
Ешкі сүйеді баласын "лағым",- деп,
"Тастан-тасқа секірген шұнағым",- деп.
Жылқы сүйеді баласын "құлыным",- деп,
"Тұлпар болып жүгірер жұлыным",- деп.
Атам мені "құлыным"- дейді,
Әжем мені "боташым"- дейді ,
Әкем мені "шырағым" - дейді,
Шешем мені "қозым"- дейді,
"Айналайын, жаным" - дейді
Ал шынында мен кіммін?
Мен - кәдімгі баламын.

ә/ "Малды шақыру".
Биені - құрау-құраулап,
Түйені - көс-көстеп,
сиырды - аухау-аухаулап,
Ешкі - шөре-шөрелеп,
Шақыра аламыз, сауамыз, бағамыз.
б/ Тү л і к т і ң б е л г і с і
Түйе - байлық
Қой - мырзалық
Ешкі - жеңілдік
Жылқы - сәндік
Сиыр - ақтық

в/ Түлікті құрметтеу
Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама,
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама.

Қазақ балалар әдебиетінен:

Т. Қайым. "Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір"

Торқадан киген тоны бар,
Май басқан құйрық, жоны бар.
Атадан қалған жолы бар.
Семіздікті көтерген,
Ыстық жерде жөтелген.
Шұрайлы алқап өрісі,
Шапқанда қурдың бөрісі,
Жыртылған дал-дал терісі.
Төрт түліктің момыны,
Өзгеден бөлек орыны.
Қошқар Ата баласы,
Қасиетті Қой болам!

Ф. Оңғарсынова. "Ботақан"

Ботақаным-бөбегім,
Шырқайтұғын өлеңім.
Бөбегімдей тәй басқан,
Сені жақсы көремін.
Жақсы көрем басқадан,
Сені жалғыз тастаман.
Енең тұрса жаныңда,
Жақындауға жасқанам.
Мәпелейін, бағайын,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: