Балабақша тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

таң атпай /әтеш/әтеш/
2. Бас киімі қызыл шашақтай, құйрығы кемпірқосақтай,
Айқайлайды таңертең, бір де күнді босатпай/қораз/
3. Сөз үйретсең, қайталайды, өзі тауып айта алмайды/тоты/
ІІІ - бөлім. Математикалық санамақтар және жұмбақтар
Математикалық санамақтар
Санамақтар баланың поэзияға құмарлығын арттырады, әдемі сөйлеуге дағдыландырады, есте сақтау қабілеттерін, танымдық ой- өрісін дамытады. Ырғағымен айта білу мәнерлі сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртібін бұзбай айту - байқағыштыққа баулиды.
Санамақтарды төмендегідей жіктеуге болады:
1/. Жұмбақ сөзді санамақ
2/. Сюжетті санамақтар
3/. Тізбекті санамақтар
4/. Егіз ұйқасқа құрылған, терең мағыналы, әдеби, авторлы - авторсыз санамақтар
Мысалдар:
Жұмбақ сөзді санамақ үлгісі:
Қаблан - қатыс
Мірлән - отыз,
Сен тұр, сен шық!
Сюжетті санамақ үлгісі , яғни сан араласқан шағын сюжет:

Бірім - екім,
Тығыл, бекін.
Мен санайын,
Сен бол дайын.
Сары шымшық,
тез ұшып шық!

Тізбекті санамақ үлгісі, яғни логикалық жағынан үйлесе бермейтін сөздер тасқыны:

Жылқы - мылқы
Ойын-күлкі
Сиыр-миыр,
ешкі-ешкі
Түйе-мүйе,
торғай-морғай
Қос сөздер осылай
Он атта, оң жаққа.

Егіз ұйқасты санамақтар:
а/ Авторлы санамақ.
Ө. Ақыпбекұлы. "Менің киімдерім"

1 дегенім бөрік, кисең бойға көрік,
2 дегенім етік, киер сәнді етіп,
3дегенім ішік, теріден тігер пішіп,
4 дегенім тымақ, қыста кисең жылы-ақ,
5дегенім байпақ, іші жылы тайпақ,
6 дегенім алқа, мойныңа тақ, ал да,
7 дегенім жейде, кір болмасын кейде,
8 дегенім ,сенсең, жылысы тонның - "сеңсең"
9 дегенім телпек, болма,бала, тентек,
10 дегенім оймақ, жүрме босқа ойнап.
ә

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: