нша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.
Тәрбиелік:
Оқушыларды сипаттау мәтіндері арқылы ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, "Қазақ тілі" оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Отырар өркениеті туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжай алады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді, сыныптастарымен пікір алмасады.
Жаңа сөздер:
Танымал, жазба деректер, кепіл, өгіз терісі, жауапкер, уағызшы, тақуа.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, "Отырардың күйреуі" фильмі, кітап көрмесі, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.
Оқыту әдістері:
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, "Көңіл-күйді анықтау" тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, жағдаяттық тапсырма, диалог, "Жеке әңгіме" техникасы.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім "Көңіл-күйді анықтау" тренингінің не- гізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейт
Страницы: << < 59 | 60 | 61 | 62 | 63 > >>